Алпысбаева Маржангүл Балтабайқызы – Р.Бағланова атындағы №2 БММ филиалдарының меңгерушісі тәжірибелі педагог.
Білімі мен еңбек жолы:
- 1994 ж. Жамбыл музыкалық училищесін «Қобыз» мамандығы бойынша бітірген.
- 2004 ж. Мәскеу заманауи гуманитарлық академиясында «Психология» мамандығы бойынша білім алған.
- 2012 ж. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Аспапта орындаушылық, музыка колледжінің оқытушысы» біліктілігін алған.
- 2018 ж. Алтай мемлекеттік университетінің «Өнертану» факультетінің магистратурасын тәмамдап, өнертану магистрі академиялық дәрежесін иеленген.
Еңбек өтілі – 26 жыл 9 ай.
- 1999-2005 жж. – Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, М.И. Глинка атындағы балалар музыка мектебінде қобыз сыныбының мұғалімі;
- 2005-2016 жж. – Павлодар қаласындағы «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат кешені» мемлекеттік мекемесінде қобыз сыныбының оқытушысы, 2006-2016 жж. «Қазақ халық аспаптары» бөлімінің меңгерушісі;
- 2016 ж. – Қазақ ұлттық өнер университетінің «Қобыз және ОХА» пәндік-циклдік комиссиясының меңгерушісі;
- 2018-2023 жж. – Қазақ ұлттық университетінің Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында қобыз сыныбының оқытушысы.
- 2023-2025 жж.– Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
- 2025 ж. бастап – №2 БММ филиалдарының меңгерушісі.
Кәсіби жетістіктері:
- Жоғары санатты қобыз сыныбының оқытушысы.
- Көптеген республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары мен дипломанттарын дайындады.
- Түрлі конкурстарда қазылар алқасының мүшесі және төрағасы ретінде жұмыс істейді.
- Оқушыларын республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдерге дайындап, жүлделі орындарға жеткізді.
- Халықаралық, республикалық және қалалық деңгейдегі концерттік бағдарламаларға белсенді қатысады.
Марапаттары мен жетістіктері:
- «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі (2017 ж.)
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хаты» (2017 ж.)
- Дельфий ойындарының қазылар алқасының мүшесі және төрайымы (2015-2017 жж.)
- «Павлодар облысының білім беру басқармасының құрмет грамотасы» (2016 ж.)
- ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғысы (2016 ж.)
- Көптеген республикалық және халықаралық конкурстарда лауреат дайындағаны үшін сертификаттар мен алғыс хаттар иегері.