Шаяхметова Гүлнара Аманжолқызы–Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінің әдіскері.
1989 жылы Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы мемлекеттік педагогикалық өнер институтын «Ұйымдастырушы-әдіскер» мамандығы бойынша тәмамдады. Жоғары санатты ұстаз, еңбек өтілі – 35, 5 жыл.
1994-2022 жылдар аралығында Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыка училищесінде арнайы пәндер оқытушысы әрі пәндік циклдық комиссиясының төрайымы болып қызмет атқарды. 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Астана қаласының Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінде әдіскер ретінде жұмыс істейді.
Ұстанымы: Өнердегі ең жоғары саты – қарапайымдылық.
Миссиясы: Өткеннен өнеге – келешекке үлгі.
Жетістіктері:
- 2018 ж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты;
- 2019 ж. – «BILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының «Педагог-шебер» дипломы (Астана);
- 2019 ж. – «Ұлылар үні» қалалық дәріс-концертін ұйымдастыруға үлес қосқаны үшін «Абай Құнанбаев» республикалық қоғамдық қоры Президентінің Алғыс хаты (Семей);
- 2019 ж. – Қазақстан педагогтері қауымдастығынан тәрбие, оқыту және білім беру ісіне көп жылғы үлесі үшін «Қазақстанның Үздік ұстазы» ордені (Алматы);
- 2022 ж. – ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы (Астана);
- 2023 ж. – Астана қаласының Білім басқармасының Алғыс хаты;
- 2024 ж. – РҚББОӘО Алғыс хаты.