Камзина Гүлнұр Аманжолқызы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, өнер магистрі, домбыра сыныбының оқытушысы, Ы.Алтиынсарин төсбелгісінің иегері.

Білімі:

  • орта: 1996-2000 жылдары М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжі, ҚХА бөлімі (домбыра), (Семей қаласы). Оқытушы, оркестр және ансамбль әртісі деген біліктілік берілді. Үздік диплом.
  • жоғары: 2000-2004 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы (Алматы қаласы), Халық Музыка Факультеті (домбыра). Оқытушы, концерттік орындаушы, оркестр әртісі деген біліктілік берілді. Үздік диплом.
  • магистратура: 2011-2013 жылдары Қазақ Ұлттық Өнер Университеті (Астана қаласы), «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша өнер магистрі деген академиялық дәрежесі берілді.

Еңбек өтілі: 25 жыл.

1998ж хордың музыкалық жетекшісі (Семей қаласы);

2004-2013ж Қ,Байсейітов атындағы Талдықорған саз колледжінің 1-ші санатты оқытушысы; Алматы обл.;

2004-2011ж Сүйінбай атындағы филармониясының М.Төлебаев атындағы оркестрдің 1-ші санатты әртісі;

2011-2015ж Астана қаласының № 22 мектеп гимназиясында домбырашылар үйірмесінің жетекшісі;

2012-2014ж. «Тілеп қобыз сарайындағы» фольклорлы-этнографиялық «Көк түріктер» ансамблінің әртісі.

2014-2019 ж. ҚҰӨУ-ң дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интертатында кәсіптік білім беру жөніндегі мектеп оқу бөлімінің меңгерушісі.

2014-2023 ж. Қазақ ұлттық өнер университетінің ТжКБ оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы.

2023 жылдан бастап қазірге дейін Роза Бағланова атындағы №2 БММ домбыра сыныбының оқытушысы;

03.09.2025. бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 
Жетістіктері: Магистрлік диссертацияның, авторефераттың, халықаралық, республикалық және ғылыми-әдістемелік сипаттағы мақалалардың авторы; Халықаралық педагогикалық шеберлік байқауының І дәрежелі лауреаты; Аймақтық, қалалық, республикалық және халықаралық байқауларда қазылар алқасының мүшесі; Халықаралық, республикалық және қалалық деңгейлерде өткізілетін қоғамдық іс-шараларға концерттік бағдарламаларға қатысу; 2014 жылы Астана қаласының Ұлттық мұражайының ашылуына байланысты «Күй-кеші» іс-шарасын ұйымдастыру. Мектептер мен колледждер арасындағы халықаралық және республикалық деңгейдегі конкурстарды ұйымдастыруы («Астана-мерей», Музыкалық колледждер аралық «Республикалық орындаушылар конкурсы»). Қалалық, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттарын дайындау. ҚазҰӨУ-дың 20 жылдығына арналған медальмен, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, «Дарын» РҒПО, РҚББРӘО және ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтің алғыс хаттарымен және құрмет дипломдарымен марапатталды. 
24.10.2025 жылы Ы. Алтынсарин медалімен марапатталды.